ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМІН СТАТИСТИКАЛЫҚ ПРОГРАММАЛАРМЕН МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

  Айгерим Ламбекова, Алуа Сейтжапбарова (Казахстан, Караганда) |    Завантажити статтю

Әлемде ХХ ғ-дың 2-жартысынан кейін экономиканы болжаудың ролінің өскеніне тарих дәлел болып отыр. Ол әр түрлі қоғамда әр түрлі мақсатта пайдаланғанымен, оның яғни болжаудың әдістері мен тәсілдері ұқсас болды. Қазір біздің қоғамдағы болып жатқан процесстерге әр түрлі көзқарастар бар. Бірақ әр түрлі саяси күштер бұл процесстерді қалай қабылдайтынына қарамастан, олардың ешқайсысы өмірдегі экономикалық жағдайдың күрделене түскенін жоққа шығара алмайды.