ADOBE AFTER ЕFFECT CS3 БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ

  Алтай Шалтабаев, Айнур Байзакова (Талдыкорган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазіргі заманда компьютерде безендіру жұмыстарын жүзеге асыру қарқынды дамып келе жатыр. Безендіру жұмыстары қазір барлық жерлерде қолданылады: жарнамалар жасауда, тойда түсірілген бейнелерге бейнемонтаж жасауда, фильмдердің бейнелерін қиып алып бейнеклиптер жасауда және т.б. безендіру мүмкіндіктерін жасауда компьютердің маңызы өте зор болып табылады. After Effects бағдарламасы өзінің атқаратын жұмысына байланысты, бәрімізге мәлім Premiere Pro бейне редакторына ұқсас болып табылады. Бірақта After Effects бағдарламасында ұзақ уақытқа созылатын бейнемонтаждарды өңдеу тиімді емес болып табылады. Жоғарыда атап өтілген бағдарламалар бір-бірін толықтырады: Premiere Pro бейнелерді өңдеу жұмысымен айналысады, ал After Effects бағдарламасының көмегімен осы бейнелерді қызықты ететін арнайы құбылыстар жасауға болады. Сонымен, After Effects бағдарламасын қысқа жарнамалар және презентациялық роликтер жасау үшін қолданған дұрыс. After Effects бағдарламасы көптеген бейне және дыбыстық эффектілерге ие және сіз оларды өзініздің жобаларыңызда қолдана аласыз. Бұл бағдарламаның ең тиімді жағы, ол эффектілер және олардың анимацияларын басқару болып табылады, эффектілер көптеген орнатылған параметрлерге ие, және олар кілттік кадрлардың көмегімен уақытқа байланысты көп заттарды өзгерте алады. After Effects бағдарламасының құрамында бар дыбыс және бейне эффектілерінің қосарлануларына қарамастан, бағдарламаға қосуға болатын шеттен келген өндірушілердің эффектілерінінде саны көп, оладың көмегімен сіз бейне өнім өндіу кезінде неше түрлі қиылдармен қатар кез келген бейнелерді құруға мүмкіндігініз бар.