«Мұртты» оба кешені көне ғұрыптық және салт-дәстүрлік мереке өтетін орын ретінде

  Асқар Айтбаев (Қазақстан, Астана) |    Завантажити статтю

Орталық Қазақстан территориясында ерте темір дәуірінде кең тараған Тасмола мәдениетінің «мұртты» обалары күрделі кешен ретінде және семантикасына қатысты мәселелерімен ширек ғасырға жуық уақыт ғалымдар назарын аудартып келеді. «Мұртты» обалардың негізгі идеясы мен семантикасына қатысты сөз қозғамастан бұрын олардың археологиялық кешен ретінде құрылысына сипаттама бере кеткен жөн болар.