ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКАДАҒЫ ДИСКУРСИВТІК ЕСІМДІКТЕР

  Гульнур Мейрманова (Тараз, Казахстан)  |    Завантажити статтю

Есімдіктер мағынасы абстрактылы сөздер болып келеді, олардың семантикасы сөйлемде нақтыланып анықталады. Олардың мағыналарының жалпылығы өзге сөз таптарындағы жалпылық мағыналардан мүлде басқа. Олардың мағыналары мен ерекшеліктері сөйлемдердің құрамында, мәтінде тұрақталып нақтыланады, содықтан да оларды осы қолданыстары тұрғысынан сөз ету орынды болмақ. Есімдіктердің функционалды грамматикадағы қызметін олардың сілтеу функциясы белгілейді.