ФИЗИКА САЛАСЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

  Ерлан Андасбаев, Еркебулан Бейсегулов (Талдыкорган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Заман талабына сай - педагогикалық, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қоғамымыздың кез-келген салаларына қолдануға негізделген «Қашықтықтан оқыту» әдісін кеңінен енгізу бүгінгі күнгі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Олай деуімізге себеп: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2010 жылдың 1-ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында дамытудың стратегиялық жоспарында – қашықтықтан электронды оқыту жүйесінің жаппай ғылым саласына енгізудің қажеттілігі. Олай болса, қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті түрде өзара іс-әрекетте оқытылып, білім алу барысында оқытылатын материалдардың негізгі көлемін оқып үйренушілерге компьютерлік желілер арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология болып табылады. ХХІ-ғасырдың бастапқы кезінде қашықтан оқыту жүйесі сырттан оқытатын оқу ретінде пайда болды. Алайда, оқытушылар мен студенттер арасындағы байланыстың ойдағыдай болмауынан, емтихандық сессиялар арасындағы уақыттарда сырттай оқитын студенттердің жұмысына бақылаудың жоқтығынан, оқудың осы жаңа жүйесі бойынша білім алу саласы күндізгі оқытатын оқу орындарында алатын білім сапасынан әлдеқайда төмен болуы тәжірибе жүзінде дәлелденуде.