ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІ БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  А.Г. Жексембаева (Талдықорғанқ, Қазақстан Республикасы) |    Завантажити статтю

Экономикалық өсу анықтамасында міндетті түрде осы ұғымның сапалық және сандық сипаттамалары орын алады. Басқаша айтқанда, экономикалық өсу бір жағынан, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көлемінің өзгеру серпінін, ал екінші жағынан – экономикалық жүйенің қоғамның жаңа өспелі қажеттіліктерін қанағаттандыра алу қабілетін айқындайды. Әдетте осы екі жақтың күрделі өзара байланысы бар екендігі атап көрсетілмейді. Шын мәнінде, тауарлар мен қызметтер өндірісінің тіпті елеусіз өсуі міндетті түрде жаңа сапа мен адамдардың өмірінің жақсаруына әкелмейді.