Аңдатпа: Бұл мақалада физикалық кештер туралы және физикалық кештерді өткізу ерекшеліктері қарастырылады. Физика апталығы - сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың бір түрі. Физика апталығында өткізілетін физикалық кештер оқушылардың кешті ұйымдастыруға қатысуымен қатар, кеш барысында оқушылардың белсенділігін пәнге деген ой-өрістерін байқауға болады. Физикалық кештер оқушыларға жалпы білім беру жүйесіндегі тақырыптарды түсінуге, қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Физикалық кештерді өткізуде атақты ғалымдардың өмір жолдарынан баяндама, сонымен қатар түрлі викториналар, сайыстар, физика пәнінен тәжірибелер көрсету және оқушыларды қызықтыратын қысқа фильмдер көрсетуге болады. Физикалық кештерді мұғалімдер оқушылармен бірге ұйымдастырады және оқушылар кеш өтетін тақырыпты алдын ала қарастырып, оқытушыға көмектесу мақсатында көптеген мәліметтерді іздестіріп, ұйымдастырады.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКА АПТАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Нуркасымова Сауле Нуркасымовна (Казақстан, Астана) | Скачать статью