Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздыққа, соның ішінде жастар жұмыссыздығына байланысты мәселелер бүгінгі күні жекелеген мемлекеттердің деңгейінде ғана емес, әлемдік деңгейде талқыланатын әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Соңғы жылдары дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттерде жұмыссыздық мәселесі, әсіресе жастар жұмыссыздығының тұрақты түрде өсуі әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны сөзсіз. Бұл мәселе әдеттегідей тек дамушы мемлекеттерге ғана тән емес, экономикалық даму деңгейі қалыпты саналатын Еуропа мемлекеттерінде де кездеседі. Айталық, 2020 ж. ресми статистикасы көрсеткендей, Францияда жұмыссыздық деңгейі – 8,0%, Түркияда – 13,1%, Швецияда – 8,3%, Португалияда – 7,1%-ды құрап отыр. Ал Армения, Грузия, Украина, Өзбекстан сияқты бұрынғы кеңестік мемлекеттерде жұмыссыздықтың, әсіресе жастар жұмыссыздығының деңгейі 9-21% аралығында өзгеріп отыр.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Олжас Жанибеков (г.Караганда, Казахстан) | Скачать статью