ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  Тамала Тасқын 
(Қазақстан, Алматы) |    Скачать статью

Ғылым — табиғат пен қоршаған әлемді бақылау, ғылыми тәжірибе жүргізу мен өлшемдер арқылы зерттеу. Зерттеу нысаны табиғат пен қоршағанорта боып табылатын физиканың пән ретінде де, ғылым ретінде де адамзат баласына берері көп. Оның үстіне физика ғылымының даму жетістігінің барлық ғылымның дамуына арқау болатынын ескерсек, бұл ғылымның пән арқылы қазіргі оқушы, болашақ ғалым ретіндегі жеткіншектерге беретін үлесі жеткілікті түрде жүзеге асырылуы қажет.