Ел ішінде өте көп таралған ерлік пен елдікті, еркіндікті ту етіп көтерген, мазмұны бай, тәрбиелік тағылымы мол, көркемдігі жоғары жыр жауһарлары – «Қобыланды батыр» және «Алпамыс батыр» жырлары. Бұл батырлық эпостардан халық шығармашылығына тән барлық сипаттарды көруге болады. Олар – құрылымдық жағынан шымыр, бас-аяғы бүтін қалыпқа түскен жыршылардың толассыз жырлауымен жоғары көркемдік деңгейге жеткен ауызша айтуға лайықталған мақамы берік қалыптасқан синкретті туынды. Терең мазмұны, тарихи оқиғаларды сипаттауы, елін-жерін қорғау жолында ерлік жасаған азаматтардың батылдығын, туған жерге деген махаббатын көрсете жырлауы әлемдік лиро-эпостық «Манас», «Одиссея» жырларынан кем емес. Жырлардағы ұқсастық қарт ата-аналардың жаратқаннан перзент тілеп, әулиелерге түнеп мінәжәт етуі, баласын зарығып көруі, жас батырлардың тез ер жетіп, ерекше батылдық көрсетіп, жүйрік ат таңдауы, жау қолына түскен халқының кегін қайтарып, туған елін бақытқа кенелтуі, өзіне серік болатын сұлу жар таңдап бақытты ғұмыр кешуі.
«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖӘНЕ «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЛАРЫ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢСЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қарлығаш Сарбасова, Мәдина Уйсембай (Талдыкорган, Казахстан) | Скачать статью