Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды бақылау және диагностикалау кезінде сөйлеу қабілеті бұзылған, сөйлеу дамуы кешеуілдеген, психикалық дамуы тежелген, гиперактивті және ұқыпсыз балалар көбейіп келеді. Сомен қоса балаларда ұсақ моториканың дамымауы жиі кездеседі, яғни қолдың маторикасының дамымауы, секіруге, жүгіруге деген құлшыныс пен күш жоқ, допты ұстап, лақтыра алмайды, бір қозғалыстан екіншісіне нашар ауысады, түймені түймелеу сияқты ұсақ заттарды қолдана алмауы байқалады. Бала дамуында бұзылысын түзету, патологиялық жай-күйлердің дамуының алдын алу, психикалық денсаулықты нығайту үшін кешенді психокоррекциялық жұмыс жүргізу қажет.
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН НЕЙРОГИМНАСТИКАНЫ ҚОЛДАНУ
Айым Садық, Сауле Жакипбекова (Алматы, Казақстан) | Скачать статью