Халқымыздың ардақ тұтар перзенттерінің бірі, көрнекті жазушы, этнограф, әдебиет пен тарихты зерттеген кең құлашты қаламгер Зейнолла Сәнік Қытайда туып‑өскен.Қаламгердің көп жылғы ізденістерінен өмірге келген «Қаракерей Қабанбай», «Хан батыр Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Демежан батыр», «Халық күйшісі Қайрақбай», «Баспай» атты кітаптары мен еңбектері Қазақстанда жарияланған. Қытай қазақтарының ғасырлық өмірінен хабардар ететін бұл шығармалардың Қазақстанда жарық көруі - оқырмандарға үлкен сый. Қытай қазақ әдебиетінің негізін қалап, кемелдендірген үркердей топтың ішінде Зейнолла Сәніктің орны бөлек. Қаламгердің «Хан батыр Қабанбай», «Қаракерей Қабанбай», «Қазақ ертегілері», «Қазақ емшілігі мен дәрігерлігі», «Қазақ этнографиясы» сынды ұзақ жылдық қажырлы еңбегі нәтижесінде жазылған кітаптарының тарих саласына, этнографияға, фольклорға қосар үлесі зор.
З.СӘНІК «СЕРГЕЛДЕҢ» РОМАНЫНДАҒЫ ОРОНИМДЕРДІҢЭТНОМӘДЕНИ, АҚПАРАТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мәдина Уйсембай (Талдықорған, Қазақстан) | Скачать статью