Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәңірдің өзі тарту еткен еркіндік әрқайсымызға қымбат болары сөзсіз . Осы бір еркіндік, тәуелсіздік сөзін айта алғанымыздың өзі ғанибет секілді. Жас та болса тарихы тереңге бойлап жатқан мемлекетіміз бүгінде өз алдына дара болып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алғаннан кейін, еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен мемлекеттік рәміздері экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Тәуелсіздік үшін ,келер ұрпақ үшін қасықтап төгілген еңбек пен қанша ма жазықсыз жанның өмірден өтуі тарихтың қалың беттерінде өрнектей ойылып жазылып тұрғаны бәрімізге аян. Дегенмен де рухты да батыр ұл-қыздарымыздың еңбегі еш кеткен жоқ, олар қазақ елінің жаңа дәуірінде алғашқы кірпіші болып қаланды, негізіміз осындай кемел де батыр дана адамдардың еңбегімен қаланды, бұл үлкен- ерлік әрі мақтаныш!