Бүгінде әлемдіксаяси кеңістікте өзіндік орны қалыптасқан тәуелсіз елімізде ұлттық руханиятты қайта зерделеуге кең өріс беріле бастады. Соның нәтижесінде қазақ әдебиеттануы да өз нысандарына тереңдей еніп, дамудың жаңа белесіне көтерілді. Әсіресе қазақ прозасындағы ұлттық идеялардың айшықталу деңгейін тереңдей бағалауға мол мүмкіндік туды.