Қытайдың атақты жазушысы

  Ж.Е.Айнакулова (Тараз, Қазақстан) |    Скачать статью

Го Мо-Жо – Қытайдың жаңа заман әдебиетіндегі ең атақты жазушы, әрі көрнекті өкілдерінің бірі. Ол – ақын, прозаик және драматург, публицист, шешен және қоғам қайраткері, тарихшы, археолог әрі аудармашы, дәрігер және каллиграф. Француз журналисті Клод Рауның айтуы бойынша, Го Мо-Жо үлкен талант және медениет иесі, сонымен қатар, «Гете көлеміндегі» жазушы деңгейіне дейін жеткен. Оны «сегіз қырлы бір сырлы» дарын иесі деп айтсақ қателеспейміз. Ол тек қытай мәдениетінің терең маманы емес, батыс әдебиетінің де үлкен маманы. Го Мо-Жо-ның ғылыми еңбектері Ежелгі Қытай тарихын жетік түсінуге мүмкіндік береді.