КСРО тарихындағы ХХ ғ. 30-50 жж. жаппай қуғын-сүргін еліміз тарихында өте ауыр, қаралы кезең болды. Жаппай қуғын-сүргіннен қазақ халқының сүт бетінің қаймағындай аяулы ұлдары мен қыздары ғана зардап шеккен жоқ, тіпті қарапайым шаруа момын адамдардың тағдыры да тәлкекке түсті. Саяси қуғын-сүргін кеңес заманының орнауымен басталды. Кеңес өкіметі орнап, орныққаннан кейін пролетариат диктатурасының мемлекеті өзінің саяси және таптық қарсыластарын жаппай қудалай бастады. Сонымен қатар тоталитарлық жүйедегі кеңестік үкімет жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады.
САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН: ТАРИХ ПЕН ТАҒДЫР (Ақтөбе облысы материалдары негізінде)
Айнагул Еспенбетова, Гульмира Дабысова (Актобе, Казахстан) | Скачать статью