ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ - Қ.ҚАЙСЕНОВ - ӘДЕБИ ҚАҺАРМАН

  Аруна Жанайдарова (Казахстан, Талдыкорган) |    Скачать статью

Отанын, туған елі мен жерін басқыншы жаудан қорғауда табандылық танытып, ерліктерімен ерекшеленетін батырларын дәріптеу қазақ әдебиетінде ұлт рухын асқақтатқан ұлы дәстүрге ұласады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақтың батырларының ішінде Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдінов және Қасым Қайсенов есімдері ел тарихында құрметпен айтылатын қаһармандар.