ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ПӘНДЕРІН КІРІКТІРІЛГЕН САБАҚ РЕТІНДЕ ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ.

  Бексұлтан Басықара, Жанна Тургимбаева, Әділет Наржігітов (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) |    Скачать статью

Мемлекетіміз өркениетті мемлекет ретінде өзінің болашағы мен білім беру саласына маңызды көңіл бөліп келеді. ХХІ ғасыр – ғылым мен технологияның, білім мен өнеркәсіптің қарыштап дамыған заманы. Білім мен ғылым салаларын қарыштап дамыту бәсекесінде озық болуы үшін, басқа елдер сияқты Қазақстан да өз білім саласын реформалады. 2016 жылдан бастап елімізде білім беруді жаңғырту – орта білім мазмұны жаңартылды. Сапалы білім беру ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен тиімді педагогикалық технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдануымен өлшенбек. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары - білім беруді ізгілендіру, замана ағымына ілесу қабілетіне ие білікті, жан-жақты дамыған тұлғаларды қалыптастыруды мақсат етеді.