Жалпы тіл білімінде «Жақсыз сөйлем» деген атау орыс тіліндегі күн мен түннің алмасуын (брезжить, вечереть, завечереть, светать, рассветать,смеркаться), қоршаған ортаның ауа температурасының өзгеруін – жылуын немесе суытуын (морозить, подмораживать, пригревать, холодать), атмосфера құбылыстарын және жауын-шашынды (вьюжить, курить, дождить, снежить) білдіретін етістіктерге байланысты тұрақталған термин. Кеңестік дәуірде орыс тіл білімінің жетістіктері түркологияға зор ықпал еткендіктен, түркі тілдерінде де осы мәселе төңірегіндегі сұрақтарға жауап ізделді.