ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ

  Ақмарал Әбілхан (Жезказган, Казахстан) |    Скачать статью

Бала кезден басталатын рухани дамуға қазақ қаламгерлерінің қосқан үлесі де аз емес. Қазақ халқының тарихында ауыз әдебиетінен бастап, балаларға арнап жазылған өлең - жырлар көп. Жас нәрестенің дүниеге келуінен бастап, оның өмір тануының әр кезеңіне сай тілек - мұраттарын халық өлеңмен айтып жеткізген. Қазақ фольклорының белгілі мамандарының бірі - Мәлік Ғабдуллин: "Халықтың ойына, жас бала өсе келе, ер жеткен соң еліне қызмет етуге тиісті. Мал бақ, кәсіп ет, ел - жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан жас балаға ақыл, тілек етіп білдіреді және кімді ардақтайтынын да аңғартады" - дейді. Ал, Серік Қирабаев : "Балаларға арналып тұңғыш айтылатын жыр - бесік жыры. Бұл жырдың мазмұны түгелдей ата - ананың нәрестесіне деген қуанышын айтудан, оның жақсы азамат болуына тілектестік білдіруден тұрады.