ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУДІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

  Нұржан Шындалиев, Аралбай Қатима, Бексұлтан Басықара (Астана Қазақстан) |    Скачать статью

Ақпараттар ағыны қарқындаған ХХІ ғасыр – компьютерлік технологияның барлық салаға ентелей енуімен және түрлі ақпараттар өңдеуді жылдам жүзеге асыруымен тарихта қалары ақиқат. Әрбір мемлекеттің ғылыми-техникалық, экономикалық жағынан өсуі – ол елдегі білім мен ғылым дамуының көрсеткішіне байланысты болып отыр. Заман ағымы сол білім мен ғылым салаларына ақпараттық технологияларды ендіруді талап етіп отыр. Сол себепті ғылым мен білім салаларының ішінде информатика, ақпараттық технология және коммуникация, ақпараттық қауіпсіздік пәндерін оқыту мен оны ұйымдастыру және программалық тұрғыдан қамтамасыз ету бүгінгі күннің күн тәртібіндегі бірінші мәселе болып отырғаны шындық.