Дүние жүзі ұлылары тудырған озық туындыларды біз «классика» деп аталатын әлемдік алтын қордың қатарына енгіземіз. Классика, бұл дегеніміз, сан ғасырларды артқа тастаса да, бағасы мен орнын жоғалтпайтын, өміршеңдігімен ерекше туындылар. Ал, мұндай шығармалармен танысу – әрбір шығармашыл тұлғаның, мейлі, суретші болсын, яки әдебиетші, сондай-ақ өзге де талантиелері үшін, жалпы, өнерге жасалған қадамның ең алғашқысы болып табылмақ. Сол секілді біздің саламызда, яғни, театр өнері саласында да бәріміз оқып, хабардар болуға тиіс драмалық шығармалар тізіміне кіретін классикалық жауһарлар аз емес.