САХНА ӨНЕРІНІҢ ЕҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ – СӨЗ

  Бақытжан Турдалиева (Қазақстан, Алматы) |    Скачать статью

Қай халықтың болмасын, оның ұлттық өмір тіршілігінде ана тілі маңызды рөл атқарады. Ендеше тіл дегеніміз – ұлт. Кез-келген ұлттың ұлт болып өмір сүруі – осы тілдің арқасында. Ұлы ақынымыз М.Жұмабаев: «Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүние жасай алған емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмаққа тиісті» [1, 289]– деп ХХ ғасырдың басында-ақ айтып кеткені мәлім.