Бейімбет Майлин – халық жазушысы. Халық әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Бұл жазушы қазақ драматургия саласында жемісті еңбек етті. Туып-өскен жері қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Кішкентайынан жетімдіктің зардабын шегіп байларға жалдана жұмыс жасап жүріп, сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартып,«Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және «Сауатсыздарға арналған әліппені» шығарды.Б. Майлин прозаның «қысқа сөз шебері», көлемі аз, мазмұны, идеясы мол, аз сөзге көп мағына сыйғызатын ұқсатымпаз шебер деуге болады.Б. Майлин қазақ әдебиетінің сол кездегі барлық жанрына қалам тартқан, ұлттық қалыпты, қазақтық ортаны көркем суреттеген классик қаламгер.
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ «МАЙДАН» ПЬЕСАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Назерке Оралбай (Алматы, Қазақстан) | Скачать статью