АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  М. Капышева, А.А. Оразбаева, А.Д. Оңғарбаева (Талдықорған, Қазақстан) |    Скачать статью

Қазіргі қоғамда ақпаратқа иелік ету аса маңызды билік көзі болып табылады. Ақпараттық технологиялар – ғылыми және инженерлік білімдердің, сондай-ақ ақпаратты құру, жинау, беру, сақтау және өңдеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жүйесі. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу әр алуан қызмет түрлерін, ең алдымен басқару саласын елеулі түрде өзгертеді, басқарудың тиімділігін арттырады, мемлекеттік билік органдарында саяси-әкімшілік шешімдерді қабылдау үрдістерін ақпаратпен қамтамасыз етуді жаңа жоғары деңгейге көтереді. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың сапасы мен оның дамуы кез-келген мемлекеттің дүние жүзілік қауымдастықта даму прогрессін көрсетеді.