БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР – ЗАМАН ТАЛАБЫ

  Асел Ыкыласова (Қазақстан Республикасы) |    Скачать статью

Қазіргі білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер, оң реформалар жүріп жатыр. Әлем елдеріндегі білім саласындағы тәжірибеден тиімдімізді алып, ұлттық білім беру жүйесінде басшылыққа алуымыз қажет. Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында да білім беру саласына ерекше көңіл бөлді, өйткені «... оқушыларға білім беруде олардың өмірлік тәжірибесін ескеру, пәнаралық байланысты нығайту, сол арқылы оқушыларға әлеуметтік-экономикалық тәлім – тәрбие беру, соған лайықты жаңа тұрпатты ұстаздар даярлау қажет».