БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАН БІЛІКТІЛІГІН КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  Сабыр Кариев, Қалия Кариева, Айжан Ғазезова, Жансая Жұмабекқызы, (Астана, Казахстан) |    Скачать статью

Қазіргі таңдағы маман даярлау қоғам сұранысын қанағаттандырмай отыр десек те болады. Әсіресе, жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби танымдық ізденісі төменгі деңгейді көрсетуде. Демек, қоғам дамуына байланысты туындап отырған талаптар мен маман даярлау үрдісі арасында қарама-қайшылықтар кездеседі. Бұл мәселені шешу жоғары оқу орнында оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, студенттерге кәсіби білім беруде танымдық іс-әрекеттерін жоспарлай отырып, оны шешудің жолдарын табу арқылы белгілі бір нәтижеге жетуде біліктері мен дағдыларының қалыптасуына тікелей байланысты екендігі анықталады.