ҚЫЗМЕТКЕЛЕРМЕН ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТІ

  Лена Хуаныш, Гульбану Шынбай, Каирова Каирова (Астана, Казахстан) |    Скачать статью

Еңбекақы – еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алынады. Сыйақыларды жазу үшін басқару аппараттарының басшы қызметтеріне статистикалық есептің деректері, жедел есептің деректері негіз болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты бөлігінің бірі – еңбекақыны есептеу, ұйымдастыру және тарату болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 27 мамыр 2010 жыл (берілген өзгерістер мен толықтыруларымен): «еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметтерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі» - деп көрсетілген.