Атақты педагог-ғалым В.А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол жан-дүниесіне үңіле білу» [1]. Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни, жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені ұстаз алдында егемен еліміздің болашағы отыр. Сондықтан XXI ғасыр мұғалімнің кәсіби құзырлылығына қойылатын талаптар – ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Осының бәрі, сайып келгенде, болашақ мұғалімді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті мәселе екендігін айғақтайды. Мұғалімнің кәсіби шыңдалуы бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қоғам азаматтарының тұлғалық дүниежүзілік білім кеңестігіне шығудың негізі болмақ. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім туралы Заңда (8-бап) білім беру жүйесінің ең басты міндеті «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірбие жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау».
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жамал Баширова, Алмагуль Штатбаева (Жезказган, Казахстан) | Скачать статью