ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ: АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЖӘНЕ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР

  Лена Хуаныш, Айгерим Игисинова, Сабина Есенбекова (Астана, Қазақстан) |    Скачать статью

Өндірістік қызмет барысында ұйымдар өнімді өткізумен, жабдықтаушылардан материалдардың келіп түсуімен, қаржылық міндеттемелерінің орындалуы және тағы басқаларымен байланысты әр түрлі қарым – қатынасқа түседі. Осыған байланысты ақшалай есеп айырысулар қолма­қол ақшасыз есеп айырысу түрінде, не қолма – қол ақша айналымы түрінде жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысу жүйесінің дұрыс және тиімді ұйымдастырылуы кәсіпорын қызметі барысында үлкен рөл атқарады. Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек. Ақша қаражаты-кассадағы және банктегі нақты ақшадан құрылады. Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады. Ақшы қаражатының эквиваленті деп ақша, қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдарды айтады.