АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНДА СЕПТОРИОЗ АУРУЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК КЕЗЕҢІ

  Кенжегүл Даушева (Қостанай, Қазақстан) |    Скачать статью

Қазақстан Республикасының территориясында, дүние жүзінің басқа мемлекеттерінде септориоз астық дақылдарының аса қауіпті ерекше ауру түріне жатқызады. Аталған ауру түрін Septoria tritici және Septoria nodorum саңырауқұлақтары тудырады. Septoria туысына жататын саңырауқұлақтар бидайдың жоғары беттегі жапырақтарын бүлдіріп, өнім шығындалуына( 40-50% дейін) әкеліп соқтырады. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы септориоздың дамуы мен таралуына жағдай туғызып, астық өнімділігінің тиімділігін төмендетеді. Қазақстан Республикасының территориясында, Қазақстан Республикасының үкіметінің 10 желтоқсан 2002 жылғы «Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантин түзетін обьектілердің тізімдері бекіту туралы» №1295 қаулысына сәйкес септериоз астық дақылдарының аса қауіпті ауруларына жатады.