ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ МӘНІ

  Жұматай Таубалдиева, Карлыгаш Таубалдиева (Талдыкорган, Казахстан) |    Скачать статью

Өз тіршілігінің саң ғасырлық тарихының ішінде қазақ халық тәрбие саласында мол тәжірибе жинақтады. Оның негізінде белгілі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер қалыптасты. Салт-дәстүрлер, философ Н.С. Сарсенбаевтың сөзімен толықтыра айтқанда, “адамдардың қоғамдық мінез-құлықының, олардың өмір және түрмыс салтының тарихи қалыптасқан, азды-көпті тұрақты нормалары, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қоғамдық пікірдің арқасында сақталды. Әдет-ғұрыптар – адамдардың тұрмысындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты нормалары.