ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  Гулназым Уразова, Эльмира Испанова (Атырау, Қазақстан) |    Скачать статью

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады»,- деп атап көрсетілген.