Музыкалық фольклорды психикалық дамуы тежелген(ПДТ) мектепке дейінгі балалардың эмоционалды ауытқуларын оңалтудың бір тәсілі ретінде қарастырғанда, біз нақты психологиялық-педагогикалықәрекет туралы сөз қозғаймыз, яғни, баланың дамуында белгілі бір ауытқуларды оңалтуға бағытталған коррекциялық және педагогикалық шаралар туралы айтамыз. Дамуындағы әр түрлі кемістіктері бар баланың жалпы қоршаған ортаға енуін қамтамасыз ететін білім беру үлгісінің бағыттарын анықтаған кезде Л.С. Выготский «оң шығармашылық педагогикаға» көшуді жөн көріп отыр. Сонымен қатар, оның пайымдауынша, мектепке дейінгі бала тұлғасының қалыптасуы мен оның психикалық функцияларының реттелуі, ең алдымен, эмоционалды саламен тығыз байланысты. Дәл осы бала психикасының саласының ерекшелігімен оған өнердің әсер етуінің эмоционалды-образдық күшімен тығыз байланысты.
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫН МУЗЫКАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жанара Садыкова (Қазақстан, Астана) | Скачать статью