Оқушыларға терең білім беру, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, қалыптастыру; өз бетінше оқуға үйрету, әдебиеттермен шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімді практикада қолдана білуге баулу, физика пәніне қызығушылығын ояту,ойын дамыту, оқуға, білімге деген көзқарасын қалыптастыру, жүйелі оқытудың қажеттілігін ұғындыру. Жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп қалыптасуы үшін оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт – бағдар беру керек. Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеп табу зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Жаңа білім үлгісін қалыптастыруда қоғамның дамуының екі мақсатын ескеру қажет: а) өмір сүруге қажетті дүниежүзілік және жалпы ұлттық проблемаларды шешу; б) жоғары технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техника құру.
ОҚУШЫЛАРДЫ ФИЗИКА ӘДЕБИЕТТЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҮЙРЕТУ
Манат Қожахмет, Айсұлу Айтбаева (Арқалык, Қазақстан) | Скачать статью