5G ЖЕЛІСІН ҚҰРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  Нұрсұлу Айтжанова, Манат Иманқұл (Астана, Казахстан) |    Скачать статью

Мобильдік байланыс – радиобайланыстың ұялы желіге негізделген бір түрі. Оның стационарлы телефондық желіден негізгі артықшылығы үлкен қашықтықтарда орын ауыстыратын мобильді абоненттер үшін радиоарналарды қолдану болады. Желінің ұялы құрылымы жиіліктерді екінші реттік қолдану негізімен тікелей байланысты, яғни жұмыс істеуге бөлінетін радиожиілікті спектр жүйесі өте тиімді қолданады. Әрбір ұяшықтың ортасында базалық станция (БС) орналасқан. Бұл БС өз ұяшығының шегінде барлық жылжымалы станцияларға қызмет етеді. Ұяшықтардың шынайы шекаралары қызмет ететін территориялық жерінің рельефіне және басқа факторларға тәуелді.