ОҚУШЫЛАРДЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ

  С.Д. Джакетова, С.А.Бирмаганбетов (Арқалық., Қазақстан) |    Скачать статью

2004 жылдың ақпан айында Үкіметтің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы» қабылданып, соның негізінде елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) жүйесі құрылды. Қазіргі уақытта оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында тестілеудің тиімді екені дәлелденіп отыр. ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғарғы оқу орындарының қабылдау емтихандарын біріктіру болып табылады.