ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Гаухар Тулегенова (Талдыкорган, Казахстан) |    Скачать статью

Патриоттық рух – қазақ елінің әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүние жүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Көп ортасында көзге түсу үшін де кемел болмыс керек. Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен қадір-қасиетіңді өзің жақсы білуін және мақтаныш ете алуын керек. Отанды сүю дегеннің мағынасы да осылай ашылады. Оған орынды мақтанышпен қоса кемшіліктің орнын толтыруға деген құлшыныс пен қиындыққа қайыспай төзе білу де қосылады. Елдікті, ұлттық намысты бәрінен жоғары қою – отансүйгіштіктің ең басты белгісі.