СҮТ ӨНДІРІСІНДЕ БАҚЫЛАУ КАРТАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

  Айнур Оңлабекова, Ұлтуған Орынбаева, Айтолқын Отуншиева, Айнур Жетібаева (Тараз, Қазақстан) |    Скачать статью

Тәжірибеде бақылау карталарын табысты енгізу үшін оның құрастыру техникасы мен жүргізуін менгеруі ғана маңызды емес, сонымен қатар картаны дұрыс «оқу» аса маңызды болып саналады. Осылайша, бақылау карталары тұтынушы талаптарына процестің сәйкессіздігін анықтап алу ғана емес, сондай-ақ оның болашақта пайда болу мүмкіндігін көруге жәрдем береді [1]. Бақылау карталарын құрып болған соң, қарастырылатын технологиялық процестің статистикалық реттеуіне көшуге болады. Ең алдымен негізгі белгілер бойынша процестің жағдайын анықтап алу қажет: бақылау шектерінен шығып тұрған нүктелердің бар болуын; трендтердің немесе сериялардың бар болуын; бақылау шектеріне нүктелердің жақындау немесе периодтылықтың болуын; бақылау шектерін рұқсат етілген шекарамен салыстыру.