Статистикалық әдістер сапа туралы тиімді құралдар жиынтығы мен ақпараттарды талдау болып табылады. Бұл әдістерді қолдану көп шығынды қажет етпейді және сапа жүйесіндегі зерттелетін құбылыстардың (объектілердің, процестердің) жағдайы туралы дәл және нақты мәліметтер алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде мәселелерді қадағалау мен болжауға және осы негізде қолайлы басқару шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Өнім сапасын басқарудағы статистикалық әдістер астарында математикалық статистика мен ықтималдық теориясын қолдануға негізделген таңдамалы әдістер түсіндіріледі [1].
ӨНІМ САПАСЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСІ
Айнур Оңлабекова, Ұлтуған Орынбаева, Айтолқын Отуншиева, Айнур Жетібаева (Тараз, Қазақстан) | Скачать статью