Шаруа қожалығының жерлерінің құқықтық жағдайын анықтау үшiн алдымен шаруа қожалығы деген ұғымның мазмұнын ашып алу керек. Тарих беттерiне көз жүгiрте отырып, Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейiнгi феодалдық жер қатынастарын еске түсiрiп, ой елегiнен өткiзсек тек жерде қызмет етушi адамдар ғана шаруалар деп саналды. Ал, қызметi жерменен байланысты емес адамдар, атқаратын қызметiнiң түрiне қарай қолөнершi, етiкшi, саудагер және тағы баска атаулармен аталды. Алғашқыда жер учаскелерiнiң басым бөлiгi iрi жер иеленушiлер – феодалдардың иелiгiнде болып, онда жалданып жұмыс iстейтiн адамдар жәй шаруалар атанды. Кейiнiрек, шаруаларға жер бөлiнiп берiлгеннен кейiн, шаруалардың ешкiмге жалданбай өз жерiне қожалық етiп, дербес отбасылық шаруашылық жүргiзуге мүмкiндiк алуы қоғамда кiшiгiрiм шаруалардың қожалықтарын қалыптастырды.
ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Айбол Құдайбергенов (Талдықорған, Қазақстан) | Скачать статью