КӨЛДЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ МЕН ЛАСТАНУЫ

  Қалдаш Қалжанова (Қазақстан, Астана) |    Скачать статью

Көлдер табиғи ортаның ажырамас бөлігі ретінде табиғатты қорғау және халық шаруашылықтық мәнге ие, оларда судың үлкен қоры, биологиялық, минералды, рекреациялық және ақпараттық ресурстар шоғырланған [1]. Көлдердің табиғи ресурстары адамзаттың шаруашылық әрекетінде табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған орта сапасын сақтау қағидаларын ескере отырып қолданылатын табиғаттың құрамдас бөліктері болып келеді.