ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР АТАУЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

  Жұпар Шаймерденова (Қазақстан, Талдықорған қаласы) |    Скачать статью

Еліміз егемендік алып, өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасуы, ұлтымыздың рухани байлығы – сан ғасырлар бойы жоғалып кеткен ұлттық салт-дәстүріміз, дініміз бен діліміз және мәдениетіміз бен тіліміздің жанданып дамуына даңғыл жол ашты. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа керегесі кең, терезесі тең құқылы ел болып енуі – әлем жұртшылығының ұлттық тілімізді, тамыры тереңде жатқан тарихымыз бен сан салалы салиқалы мәдениетімізді мойындағанының айнымас айғағы. Ұлттық мәдениетіміз бен тілімізді жан-жақты зерттеп, өшкенін қайта жандандырып, дамытып, рухани қазынамызды келесі ұрпаққа табыстау, демек, болашақ ұрпақтың міндеті болып табылады. Әрине, бұл өзгеден гөрі ең алдымен, өзімізге қажет рухани дүние, келешегі кемел ұлы ұрпаққа қажет құндылықтар.