ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҒЫ

  Алмагул Умбетова (Жезказган, Казахстан) |    Скачать статью

Бүгінгі қазақ поэзиясының бағын ашып, бағасын асырып жүрген көрнекті ақындардың, тұлғалардың қатарында аса дарынды ақын Ғалым Жайлыбай да бар. Ақын Ғалым адам болмысындағы бекзат қадір-қасиеттеріне ғашық. Ол адалдық, адамдық, тазалық, кісілік, ізгілік сынды мінезді ардақтап, сол ізгі қасиеттерді қастерлеп, іңкәрлікпен, құштарлықпен жырлауға құмар. Ғалым Жайлыбайдың лирикасы - сан-салалы, көп тақырыпты, орасан зор, ауқымды дүние. Ақынның шығармашылық бетін, қалам қарымын танытатын нәрсенің бірі – азаматтық әуен. Бұл топқа кіретін лирикаларда ақынның немесе оның лирикалық кейіпкерінің өмірге көзқарасы, шынайы махаббаты ерекше танылады. Азаматтық әуенге толы лирикалық өлеңдерінде ақын адамдардың, туған жердің, Отанның бейнесін асқақтата жырлайды, оларды ақынның лирикалық кейіпкері өз жүрегінің шуақты махаббатына шомылдырады.