Қазақ поэзиясының өткеніне көз салып, саралар болсақ, фольклордың ұшан-теңіз даналығынан нәр алып, жыраулар поэзиясының толқынында тербеліп, Шал, Көтеш ақындар қалыптастырған ақындық поэзияның кәусарымен сусындап, атадан балаға өсиет болып келе жатқан әдеби мұраның жауһарларын көреміз.