ЕТІСТІКТІҢ ЖАҚ, ШАҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІ

  Зауре Жанғабылова (Жезказган, Казахстан) |    Скачать статью

Ғылымның қай саласы болмасын өзіндік зерттелу тарихы, ғылым ретінде даму жолы, негізі бар екені белгілі. Ал түрік тіліндегі кісі аттарының зерттелуіне келсек, бұл саладағы үлкен еңбектердің бірі ретінде – профессор А.Еролдың “Şarkılarla Şiirlerle Türkülerle ve Tarihi Örneklerle Adlarımız” түсіндерме сөздігі мен профессор Ф.Сумердің Türk Devletleri Tarihinde Şahıs adları” еңбегін айта аламыз. Профессор А.Еролдың түсіндерме сөздігінде түрік халқының кісі есімдеріне, олардың қойылу ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалынып өткен [1, 425].