ДОСКЕЙ АҚЫН ТӘЛІМ АЛҒАН ОРТА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЫҚПАЛЫ ТУРАЛЫ

  Ғ.Е. Ештанаев (Жезқазған, Қазақстан) |    Скачать статью

Ғалым Е.Ысмайылов кез келген ақын өнерпазға өзіне дейінгі импровизатор-ақындардың, әнші-ақындардың, эпик жыраулардың шығармашылық дәстүрі ерекше ықпал ететінін айта келіп: «Жас баланы шу дегеннен ақындыққа, ән-күйге, өлең-жырға қызықтыратын өз үйінде, өзінің ауыл аймағындағы үлгілі ақындық дәстүр болады»,- [1,86 б.] дейді ғалым. Доскей ақынның өз тегінде, нағашы жұртында ақындық, өнерпаздық болғандығы жөнін де мәлімет жоқ. Алайда оның ақындыққа, ән-күйге, жалпы өнерге ұмтылуына, шыңдалып өсіп, жетілуіне ықпал ететін орта бар еді. Елге таныла бастаған жас талапкердің даңқты тұлғалардың алдына барып, өнерін сынатып, бата алуы – ертеректен сіңісті дәстүр.