БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  Динара Тумабаева (Талдықорған каласы, Қазақстан) |    Скачать статью

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады: • ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу; • информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау; • бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету; • информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн білім жетілдіру курстарын ұйымдастыру және оны өткiзу; • қашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау; • облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету; • облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресурстарын қалыптастыру;