Осы ретте экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттілігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз - адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны ластанудан қорғайтың, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру, жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
Айнур Сыздыкова, Эльмира Максутова (Жезқазған, Қазақстан) | Скачать статью