БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Ж.Т. Мусилимова (Жезказган, Казахстан) |    Скачать статью

Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық және педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты.